Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да балалар мерекесіне 33 млн теңге бөлінді

Биыл Балаларды қорғау күні аясында "Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясы жарияланған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да балалар мерекесіне 33 млн теңге бөлінді
Фото:
depositphotos.com

Өңірде балалар мерекесіне бөлінген соманың 31 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінсе, 2 млн теңгені демеушілер беріп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Білім басқармасының ақпаратына сүйеніп.

Облыс әкімі Даниал Ахметов балалардың қоғам өміріне белсенді қатысуға, идеяларын іске асыруға ерекше көңіл бөліп, әр бастамаларын қолдап келе жатыр. Бүгін 10-шы жыл дәстүрлі түрде "New Generation" IT-фестивалі өтті, онда мектептердің 163 оқушысы, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері 100-ден астам IT-жобаларды, оның ішінде өткен жылдың 20 Startup-жобаларын және биылғы номинанттар өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Көрмені 1000-нан астам адам тамашалады. 10 Startup - жобаны іске асыру үшін әкім грантына үміткер 21 оқушы 20 млн теңгеден астам сомаға қолдау алды. Сондай-ақ, "Skills for Geeks" it-чемпионатының жеңімпаз командалары мен "IT - Ұстаз-2023" байқауының жеңімпаз мұғалімдері марапатталды, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Бүгін, 1 маусымда, дарынды балалар өңір басшысымен кездеседі. Кездесуге қатысушы дарынды балаларға облыс әкімінің атынан грамоталар мен 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар табыс етілмек.

Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және анықтау мақсатында 1 маусымда "7 керемет" балалар фестивалі өткізіледі, оған 3 мың бала қатысады.

Ал 7 маусымында Таулы Үлбі кентінің көркем жерінде "Дарын" лагерінің базасында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларға арналған "Сен үздіксің!" форумы өтеді. Форум барысында зияткерлік олимпиадаларда, спортта, шығармашылықта ерекше жетістіктерін көрсеткен және патриотизм танытқан оқушыларға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етіледі.

Следующая →