Бокстан әлем чемпиондары ШҚО-да оңалту курстарынан өтеді
Мамыр айында бокстан Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен Әлем чемпионатында үздік өнер көрсетіп, 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған
Чемпиондар Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов былғары қолғап шеберлерін қабылдап, сый көрсетті.
Ташкентте өткен әлем чемпионатында біздің құраманың он үш спортшысының бесеуі жүлделі орындарға ие болды. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Сабырхан Махмұд (54 келіге дейін) және Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ал 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Дулат Бекбауов чемпионаттың күміс жүлдегері болды.
Боксшылар Өскемендегі спорт кластерімен танысты, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Атап айтқанда, біз оларды ең заманауи диагностикалық-оңалту диспансері орналасқан үстел теннисі орталығында оңалту курсынан өтуге шақырдық. Бұл қыркүйек айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін жақсы бастама. Біздің боксшылардың медальдар үшін күресуге және халықаралық деңгейдегі жарыстарда елдің намысын қорғауға бел буғаны қуантады.