Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да найзағай ойнап, жел күшейеді

Ертең облыстың кей аудандарында найзағай болса, кей аудандарда жел күшейеді деп болжады синоптиктер

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да найзағай ойнап, жел күшейеді
Фото:
Устинка LIVE

"Казгидрометтің" ақпаратына сүйенсек, 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде (Риддер қ.), шығысында (Алтай ауданы, Катонқарағай ауданы) найзағай, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні  15-20 м/с болады деп күтілуде.

ШҚО ТЖД найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.

Егер сіз найзағай кезінде үйде болсаңыз, сымдарға, антенналарға жақындамаңыз, терезелерді жабыңыз, теледидарды, радионы және басқа да тұрмыстық техниканы өшіріңіз және металл заттарға қол тигізбеңіз.

Егер көлікте болсаңыз терезелерді жауып, радио антеннасын түсіріп, жол жиегінде немесе автотұрақта, биік ағаштардан алыс тоқтап, ауа райы тұрақталғанша күтіңіз. Биік жерде немесе ашық далада тұрмаңыз, ауа райының қолайсыздығы кезінде көлікке жанармай құюға бармаңыз, көліктер арасында немесе көлік корпусының үстіне, металл заттарға отырмаңыз, көліктің астына тығылмаңыз, көліктің астына тығылмаңыз, қолыңызға металл заттарды ұстамаңыз.

Найзағай кезінде велосипед пен мотоцикл қауіпті болуы мүмкін. Оларды жерге қойып, кем дегенде 30 метр қашықтыққа кету керек.

Егер сіз далада болсаңыз, есіңізде болсын: найзағай аймағында жүгіруге болмайды, барлық металл зергерлік бұйымдарды (тізбектер, сақиналар, сырғалар) алып тастаңыз, электр желілеріне немесе биік ағаштарға жақындамаңыз, металл қоршаудың, болат құбырлардың, рельстердің, сонымен қатар басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз.

Следующая →