Алматыда Hit beat music деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды
Қазақстандықтарды канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеген
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Hit beat music деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды.
Hit beat music (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "Hit beat music" (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ.
Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі.Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады.
Қазіргі уақытта "Hit beat music" ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚМА мен прокуратура органдары азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз "Hit beat music" қызметіне тап болса, ҚМА call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Call-center: 1458, +7 771 444 4570.