Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Өскеменде сарбаздардан ант қабылдау рәсімі ерекше орында өтті

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге келген 400-ге жуық сарбаз ант берді

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскеменде сарбаздардан ант қабылдау рәсімі ерекше орында өтті
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Ант қабылдау рәсімі Өскемендегі облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында ашық аспан астында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы күштердің қатарына іліккен бозбалалар бабадан аманат ретінде мұра болып қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Жас сарбаздар, сіздер әскери ант беріп, Отан қорғаушылардың қатарына қосылдыңыздар. Осы уақыттан бастап сіздерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр болмақ. Себебі әскери ант – әскери өмірдің өзгермейтін заңы, әскери өмірдің басталғанының нышаны. Әскери өмір дегеніміз жарғымен белгіленген талаптарды орындау. Ал оны бұлжытпай орындау - парыз және қасиетті міндет, деді 27943 әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Әскери борышын өтеуге еліміздің әр өңірінен жастар жиналғандар. Олар Отан алдындағы парызын құрлық әскері сапында өтеп, ел тыныштығын күзетпек. Бұл жолғы Ант қабылдау рәсімі бұрынғыдан ерекше өтті. Табиғаты әсем, жасыл-желектің ортасында мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр.

Бүгін баламның ант қабылдау рәсіміне қатысып отырмын. Орал қаласынан келдім. Ант қабылдау рәсімі осындай керемет жерде, ашық аспан астында өтіп жатыр. Бұл да өзіндік бір жаңашылдық болды. Жас сарбаздарға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін! Ал әскери қызметшілерге Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту ісінде одан әрі табыстар тілеймін! - деді Атыраудан келген ата-ана Лариса Петрянко.

Әскери қызметтің машықтарын меңгерген сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуге тас-түйін дайын.

Сарбаз тек офицерлердің пәрменін орындап қана қоймай, жан-жақты, саяси тұрғыдан сауатты, өзгелерге үлгі болуы тиіс, - деген пікірде қатардағы жауынгер Серікболсын Амануллаұлы.

Следующая →