Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның Секисовка ауылында бір отбасы баспанасыз қалды

Қауіпсіздікті сақтамау салдарынан жер үй мен монша түгелдей жанып кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның Секисовка ауылында бір отбасы баспанасыз қалды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Моншадан шыққан өрт тұрғын үй мен шаруашылық нысандарының түгелдей күлін көкке ұшырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін таңертең орын алды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үйдің шатыры мен қосалқы ғимараттардың ағаш конструкциялары өртеніп кетті. Өрт ауданы 225 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 13 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажеттігін еске саламыз.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт