ШҚО-да үш күнде 29 конструктор автокөлік заңдастырылды
ШҚО ПД процессингтік орталығына 226 автокөлік иесі конструктор - автокөліктерді заңдастыруға өтінім берген
22 мамырда Қазақстанда конструктор автокөліктерді заңдастыру басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Үш күн ішінде ШҚО ПД процессингтік орталығына 226 автокөлік иесі конструктор - автокөліктерді заңдастыруға өтінімдермен жүгінген, оның ішінде 29 көлік иесі өз көлік құралдарын сәтті заңдастырды.
Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім, өтінішім мақұлданды. Кейін мені криминалистің барлық қажетті процедураларынан өту үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жіберді. Екінші кезеңнен өткеннен кейін күту залында 10 минут болдым, маған заңдастырылған көлігімнің нөмірлері мен техникалық паспорт берілді, - дейді самарлық Рафхат Хайруллин.
Акция басталғаннан бастап Шығыс Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар 3 мыңға жуық автокөлік заңдастырылды. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.