Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы 365 елді мекеннің 197-сінде мобильді интернет жоқ

Бұл туралы ШҚО-ға келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы 365 елді мекеннің 197-сінде мобильді интернет жоқ
Фото:
Устинка LIVE

Министр облыс тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Министрмен кездесуге келген өңір тұрғындары ұялы байланыстың, интернеттің жоқтығы туралы, жасанды интеллект, Шығыс Қазақстан облысына қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс мәселері жайлы сұрақтарын қойды.

Мәселен, Катонқарағай ауданы, Берел ауылының тұрғыны базалық станция орнатылса да, ғаламтордың жоқтығы туралы Бағдат Мусинге жеткізді. Теле 2 ұялы байланыс операторының өкілі 2 ай ішінде интернет болатынын мәлімдеді.

ШҚО-ғы 363 елді мекеннің ішінде 197 де мобильді интернет жоқ. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының ұсынысымен арнайы жол картасын құрдық. Онда елді мекенге тиісті антеналар орнатып, мобильді интернет мәселесін 2025 жылға дейін шешпекпіз, - деді Бағдат Мусин.

2022 жылы еліміз бойынша 3500 базалық станция орнатылыпты. Бірақ тұрғындар тарапынан үйдің айналасындағы базалық станцияны алып тастау туралы өтініштер де келіп түсіп жатқанын министр айтып өтті.

Бізде біраз адамдарда радиофобия қалыптасқан. Үйдің қасынан базалық станцияны шығарып тастау туралы өтініштер келіп түсуде. Радиофобия деген мәселе бар. Қорықпау керек. Үйдің шатырында тұрған базалық станция пәтердегі адамға еш әсер етпейді. Зияны жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай. Бұл технология барлық елде қолданылады, - деді Бағдат Мусин.

Следующая →