Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін – Сағадат Нұрмағамбетовтің туған күні

Биыл Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 99 жыл

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін – Сағадат Нұрмағамбетовтің туған күні
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Өскемен гарнизонында даңқты қолбасшыны еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиынға қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, әскери кафедра студенттері, әскери-патриоттық қозғалысының, мамандандырылған сыныптардың тәрбиеленушілері, қоғам қайраткерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Жиналғандар Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

imgonline-com-ua-Resize-aFAB7nFXjS.jpg

Тәуелсіз Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылатын азаматтар аз емес. Солардың бірі - армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов. Ол Отанын сүйген, өз ісінің нағыз маманы, әскери борышқа адал тұлғаның үлгісі ретінде жадымызда мәңгі қалады. Қарулы күштердің қалыптасуына қосқан орасан зор үлесін ерекше атап өтпеске болмайды. Себебі бүгінгі Қарулы күштеріміз еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі, - деді ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - тарбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстары басқармасы бастығы подполковник Ерлан Рамазанов.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Сағадат Нұрмағамбетов Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдавияны, Батыс Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Польша аумағында жаудың қорғанысын бұзып өтуде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны, сонымен бірге көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сағадат Қожахметұлы өзін тұтастай Отанға қызмет етуге арнаған. Біздің міндетіміз - батырға лайық құрмет көрсету. Ұрпақ санасында отансүйгіштікті арттыру мақсатында осындай шараларды жиі өткізу керек деп санаймын. Батырларымызды естен шығармауымыз керек. Өскелең ұрпақ ата-бабаларын білуі тиіс, - деді Шығыс Қазақстан облысы “Қарулы күштері ардагерлері” кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Тулақов Бейсен.

Сағадат Нұрмағамбетов небары 21 жасында Кеңес Одағының батыры атанған. Магнушев плацдармында болған шайқаста ол басқараған пулемет ротасы 2 күн ішінде 120 фашист пен 12 пулемет орналасқан орынның көзін жояған.

Следующая →