Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күшлік хан туралы деректер бір жинаққа топтастырылды

Бүгін Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Күшлік хан туралы материалдар жинағы топтастырылған кітаптың тұсаукесері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Күшлік хан туралы деректер бір жинаққа топтастырылды
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

Бұл кітапқа "Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары және Күшлік хан" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы топтастырылып енгізіліп отыр. Шара басында сөз алған "Кетбұқа-Төлегетай" халықаралық қоғамдық қорының Президенті Қайрат Мусин қазіргі ұрпақтың басқа ұлттардың қолдан жасаған, бұрмаланған тарихты емес, шынайы тарихты білуі тиістігін айтты.

Аталмыш қордың тарих пен мәдениетті балама зерделеу жобасының жетекшісі Айбек Каримов жиналғандарды жаңа жинақпен таныстырып өтті.

Күшлік хан Шыңғыс ханмен 20 жылдан астам уақыт бойы берілмей соғысты. Осылайша, ол жарты әлемді жаулаған қолбасшыға ең ұзақ қарсы тұрған хан атанды. Күшлік ханның қайсарлығы, батырлығы, отансүйгіштігі бәріне үлгі, - деді ол.

Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Тұрсынхан Қайыркен конференцияның тарихи маңызы туралы сөз қозғап, тарихты түгендеуде ерен еңбек етіп жүрген қоғамдық қор мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі. Шара соңында жиналған қауым өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Следующая →