Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
448.41
+1.26
481.05
-4.69
¥
61.96
+0.13
4.79
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде бірнеше адамға пәтер кілттері табысталды

Облыс орталығында кезекте тұрғандардың бір легі "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында баспаналы болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде бірнеше адамға пәтер кілттері табысталды
Фото:
depositphotos.com

Облыс әкімі Даниал Ахметов жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаңа үйлер облыстық драма театры артында орналасқан. Шағын ауданның аулаішілік жолдары кең, тұрақ орындары жеткілікті, спорт және балалар алаңдары абаттандырылған. Жақын жерде жаңа мектеп пен балабақша салынуда. Әрқайсысы 81 пәтерден тұратын екі үй халықтың әлеуметтік осал топтарына қарастырылған.

Дәл осы жерде біз үнемі айтып отыратын стандарттар сақталған. Біз құрылыстың қалай дұрыс жүргізілгенін көріп отырмыз. Үй - бақыттың негізі. Осы керемет үйлерде дені сау және бақытты балалар өссін! - деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Шағын ауданда барлығы 43 көпқабатты үй салынады. Қажетті әлеуметтік инфрақұрылым жоспарланған. Жыл соңына дейін 600 орындық мектеп, хоккей модулі салынып, балабақша құрылысы басталмақ. Аулаларда балалар мен спорт алаңдары пайда болмақ. 

Мен өз кезегімді 8 жыл күттім. Еліміз бен облыс басшылығына  баспаналы болғандардың атынан алғысымды білдіргім келеді,- деді көпбалалы ана Елена Кухарева.

Үйлердің құрылысы 2020 жылдың көктемінде басталды. Мердігерлік ұйым "Service СМУ" ЖШС. Шарттар бойынша жалпы сома 2,2 млрд теңгеден асты. Бұл ретте республикалық бюджет қаражатынан 1,4 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен субсидиялау - шамамен 866 млн теңге.

Айта кетейік, төрт жылдың ішінде облыс орталығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған 857 адам жаңа пәтер алды. Оның ішінде 321 көпбалалы отбасы, жетімдер қатарынан 208 жас, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 140 адам. Ағымдағы жылы 190 млрд теңгеге 952 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 350 мың шаршы метр пайдалануға берілмек.


Следующая →