Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 23-ші шағын аудандағы екі көше жөнделіп жатыр

Мердігер компания жол жөндеу жұмыстары келесі аптада толық аяқталады деп сендірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 23-ші шағын аудандағы екі көше жөнделіп жатыр
Фото:
Устинка LIVE

Облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар 23-ші шағын аудандағы жол жөндеу жұмысының барысын бақылап қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

23-ші шағын ауданда жалпы ұзындығы 1 шақырым болатын екі көшеге асфальт төселіп жатыр. Бұл екі көше Журба көшесімен түйісіп, осы аралықта автобус жүретін болады.

Аудан тұрғындары бірнеше жыл бойы осы мәселені көтеріп келген. Журба көшесінің екі жағынан түйісетін екі көше жөнделген соң, бұл жолмен қоғамдық көлік жүреді. Ол халыққа да, жүргізушілерге де ыңғайлы болмақ. Осылайша шағын аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша 23-ші ауданды да бірдіндеп абаттандырамыз. Яғни, алдымен жол жөнделуде. Сондай-ақ, мектеп салу үшін жер таңдалды, қазір жобалау жұмыстарына кірісеміз. Мектептің жобалық-сметалық құжаттарын осы жылы аяқтап, келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастауды көздеп отырмыз, - деді қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы.

Қала әкімі шағын аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жергілікті тұрғындармен келісе отырып, олардың талап-тілектерін ескере отырып жүргізіліп жатқанын алға тартады.

Жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетпесе екен. Сондай-ақ, бір-екі жылдан кейін тозығы шықпайтындай, ұзақ жылға сапалы жасалуы керек, - дейді жергілікті тұрғындар.

Следующая →