ШҚО тұрғыны 52 жасында алғаш рет жеке бас куәлігін алды
Жыл басынан бері өңірде 35 адам өз мәртебесін анықтап, ҚР азаматының жеке куәлігін алған
Бұндай мәселеде көші-қон қызметінің көмегіне жүгіну қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ер адам 1970 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Ата-анасы ҚР азаматтары. Алайда өмірлік қиын жағдайларға байланысты балаларына басты құжатты жасауға мүмкіндіктері болмаған көрінеді.
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі Қазақстан азаматтығына жататындығын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектескен. Енді маңызды қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік және медициналық қызметтерді алу рәсімдері жеңілдетіледі. 12 мамыр күні облыс тұрғыны куәлігін алды.
2023 жылдың басынан бастап облыс аумағында 35-тен астам адам өз мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.