Қазақстанда жоғалған Австралия азаматының денесі табылды
Қазақстанға турист ретінде келген Херд Джейк Майкл тауға қарай шығып, қайта оралмаған

Оны іздеуге Іле Алатауына арнайы топ аттанған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кеше Аюсай шатқалында туристің денесі тапты.
РЖҚЖ құтқарушылары Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп, Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан жоғалып кеткен Австралиялық туристің денесін тапты, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылғы Австралия азаматы 20 мамырда Қазақстанға туристік мақсатта келген. 22 мамыр күні кері ұшулары керек болатын. Дос қызының айтуынша, оны 20 мамыр күні соңғы рет көрген. Олар 22 мамыр күні әуежайда кездесулері керек болатын. Алайда Херд Джейк Майкл әуежайға келмеген соң құрбысы құзырлы органдарға хабарлаған.
Құтқарушылар тауларда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажет екенін еске салады.