Өскеменде жалған нөмірмен жүрген Lexus жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты
Жалған нөмірмен жүргені аздай, жүргізуші 46 рет жол ережесін бұзған
Кеше Өскемен қаласында 2,2 млн теңге айыппұлы бар жалған нөмір таққан көлік анықталғанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
19 мамыр күні полицейлер жүргізушіні ұстады. Бүгін көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шыққаны белгілі болды.
22 мамыр әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 жастағы тұрғынды ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және бір жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдансын деп шешім шығарғанын хабарлайды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.