ясно
°
$
503.35
-2.36
590.63
-0.80
¥
72.28
-0.23
6.62
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ресей аумағында тұтанған өрт Бородулиха ауданына жетті

Кеше сағат 15.25-те РФ Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында шөп өртенген

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Ресей аумағында тұтанған өрт Бородулиха ауданына жетті
Фото:
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Өрт түнде Абай облысындағы Бородулиха ауданының ауыл станциясынан 7 км қашықтықтағы "Семей орманы" қорығына жетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша өрт орнына барлық қызметтер жөнелтілді, сондай-ақ оның қатарында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков та бар.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 57-70 гектарды құрайды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамының 41 адамы, 14 бірлік техника және 1 КШМ, орман шаруашылығынан 157 адам және 44 бірлік техникамен жүргізіліп жатыр, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдарынан 4 КамАЗ су тасушы жіберілді, қосымша жер жырту жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Абай облысы Семей орманы Өрт