ШҚО Онкология орталығы ашық есік күнін өткізеді
Алдағы жексенбі, яғни 27 мамыр күні, шығысқазақстандықтарды онкологтар тегін қабылдайды
Мамандар меланома және тері ісігіне тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ақпаратына сүйеніп.
27 мамырда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында қатерлі ісіктің ең агрессивті түрлерінің бірі – меланома және тері ісігімен күресуге арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіз орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алып, алғашқы тері тексеруінен өте аласыз, - делінген хабарламада.
Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігі болса жеткілікті, учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.
Мекенжайы: ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы: Өскемен қ, Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі (емхана), анықтама телефондары: +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.