Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде бір адам кене энцефалитін жұқтырған

Осы уақытқа дейін ШҚО-да мыңнан астам адамды кене шаққан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде бір адам кене энцефалитін жұқтырған
Фото:
depositphotos.com

Өткен жылмен салыстырғанда кене шаққан адам саны 444-ке азайған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

2023 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағумен барлығы 1057 адам жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 327, яғни кене шағудан зардап шеккендердің 31%-ын құрап отыр, - делінген ақпаратта. 

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене шаққан адамдар саны 444 жағдайға азайған 2022 жылы 1501 адам жүгінген болатын.

Ағымдағы кезеңде облыс аумағында кене вирустық энцефалитінің зертханалық түрде расталған 1 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта науқас стационарлық емделуде.

Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 1016 адам алды, қалған 41 адам кеш мерзімде медициналық көмекке жүгіну, медициналық көрсетілімдерге байланысты және т.б. себептерге байланысты алған жоқ, - деп мәлімдеді эпидемиологтар. - Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

Следующая →