"Алтын белгі" жемқорлықтың көзі болып тұр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев "Алтын белгі" алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын айтты
Балаға емес, ата-анаға мақтан үшін керек бұл марапаттың жалпы қажеті бар-жоғы талқыға салынбақ.
"Алтын белгі" баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі ата-ана мақтану үшін, "Алтын белгіні" баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық әрекеттері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек, - деді ол.