Өскемендегі жолдардың сапасын тексеруге қосымша қаржы бөлінеді
Кеше қала басшылығы арнайы қызметпен бірге Протозанов көшесіндегі жаңартылған жол жабынының сапасын тексерді
ШҚО бойынша "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК мамандары жақында жөнделіп біткен Үлбі көпірінен "Ертіс концерт" ғимаратына дейінгі учаскедегі жол сапасын тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сапаны бақылау бойынша нормативтік талаптарға сәйкес сынамалар аламыз. Іріктеу жолдың шетінен 0,5-тен 2 метрге дейін жүргізілді. Сондай-ақ, қабаттардың қалыңдығын өлшейміз, - деп түсіндірді ШҚО бойынша "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК директоры Ержан Усманов.
Жақсылық Омар өз кезегінде осындай тексеру жолшылар орындаған жұмыстардың сапасын қамтамасыз ететінін түсіндірді.
Тексерулер мердігер тарапынан жұмыстың сапалы орындалуына кепіл береді.
Біз мердігер компанияларға сенеміз, бірақ бәрібір тексереміз. Сонымен қатар, біз халыққа оның қалай тексерілетінін, қандай жолдар жасалып жатқанын, оларды кім жасайтынын көрсетуіміз керек, - деп түсіндірді қала әкімі.
Өскемен басшысы бұл жұмыс енді тұрақты түрде жүргізіледі деп сендірді. Әрбір жөнделген көше маусымның соңына дейін бірнеше тексерістен өтеді. Оған қала әкімдігі бюджеттен қосымша қаражат та бөлуге дайын екендігін жеткізді.