Өскемен
Бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -6°
  • Алматы
    -2°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Ақтау
    +6°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұсақ тиынды қабылдамайтындар әкімшілік жауапқа тартылады

Қазір қолма-қол есепайырыс заманы өтіп бара жатқан шақта 1, 2, 5 теңгелік монеталарды қабылдамайтындар көп кездеседі

Новости Казахстана / Ұсақ тиынды қабылдамайтындар әкімшілік жауапқа тартылады
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл ұсақ номиналды монеталар төлем құралы болып табылатындықтан, оны қабылдамай қоюға ешкімнің құқығы жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақстан Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысындағы циркуляциялық монеталардың мынадай номиналдары пайдаланылады: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңге. Олар заңды төлем құралы болып табылады. Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банктік шоттарға есептеу және аудару үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті, - делінген хабарламада.

Барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы ("Қазпошта" АҚ) шексіз көлемде ұсақтайды және айырбастайды.

Ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнымен қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапқа әкеп соғады, - деп ескертеді ҚР Ұлттық банкі.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР Ұлттық банк Ұсақ монеталар Әкімшілік жаза