ШҚО полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 40 қылмыскерді ұстады
Күні кеше іздеуде жүрген тағы бір азаматты қолға түсірді
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған ол тұрғылықты жеріне келмеген. Сол үшін де сот оған іздеу жариялаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Дегенмен ШҚО полицейлері қылмыстық құқық бұзушыны ұстады.
Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады, - делінген ақпаратта. - Ұсталған адам бұған дейін ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотталған болатын. Сот қаулысына сәйкес ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі 40 қылмыскерді ұстады.