Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2 млн теңгеге еден сүрткіш, 1,2 млн теңгеге матрас сатып алмақ болған

"Семей медицина университеті" КЕАҚ Өскемен қаласындағы филиалы не үшін бұндай тұрмыстық заттарды осындай жоғары бағамен сатып алмақ болған?

Усть-Каменогорск и ВКО / 2 млн теңгеге еден сүрткіш, 1,2 млн теңгеге матрас сатып алмақ болған
Фото:
depositphotos.com

Бұл факті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш (швабра) және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас жиынтығын сатып алуды жоспарлаған. Ал еден сүрткіштің орташа нарықтық құны негізінен 25 мың теңге, матрастың бір жиынтығының бағасы 30-дан 130 мың теңге, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. - Антикордың ескертуінен кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді. Ал үнемделген қаражат өзге тауарларды сатып алуға бағытталмақ.

Департамент мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу арқылы бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланудың алдын алуды көздейді. Мекеме ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алуларды қайта қарайды. Нәтижесінде 2022 жылы 425 млн теңгеге бюджеті, ал осы жылдың басынан бері 205 млн теңге үнемделді.

Следующая →