Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +27°
$
450.79
-0.59
482.21
-5.01
¥
62.14
-0.10
5.05
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық конференция өтті

Екі күнге созылған шараға Абай, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының кітапхана мамандары қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық конференция өтті
Фото:
О. Бөкей ат. қалалық кітапханадан

О. Бөкей атындағы қалалық кітапханада "Алтайдың кербұғысы" атанған жазушының 80 жылдығы аясында өткен республикалық конференция тақырыбы: "Кітапхана – ХХІ ғасырдағы сауаттылық түрлерін қозғаушы күш", деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кездесу Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қызметіне заманауи технология түрлерін енгізу бағытында жүзеге асырылған жаңашыл жобалардың жетістіктерін бөлісуді көздейді. Ашылу салтанатында сөз алған белгілі жазушы Әлібек Асқар мен Жазушылар одағының ШҚО-дағы филиалының директоры Әлібек Қаңтарбай Оралхан Бөкей жайлы естеліктерімен бөлісіп, оның мол мұрасының маңыздылығы жайлы ой қозғады.

Содан соң жиналғандарға "Оралхан Бөкей – сандық үлгіде" тақырыбымен жазушы мұрасы топтастырылған сайт таныстырылды. Сондай-ақ, АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетінің кітапхана ісі жөніндегі профессоры Дэвид Ланкесстің бейнебаяндамасы көптің көңілінен шықты. Түстен кейін "VR КИІЗ ҮЙ", сандық үлгідегі дизайнды үйрететін "IT – arular mektebi" сынды жобалар, қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді үйрететін "Кел, сөйлесейік!" клубы, жеті атаны білуге насихаттайтын "АтаТек" бағдарламасы, "Оюлар сөйлейді..." көрмесі мен "Тақия - Той" байқауы таныстырылды. Конференцияның алғашқы күні "Қазақстан кітапханаларының келешегі және болашақ кітапханалары" тақырыбы аясындағы дөңгелек үстел форматындағы талқылаумен аяқталды.

Конференцияның екінші күнінде қонақтар кітапхана бөлімшелерімен танысып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Ең бірінші "Шығыс" ауылына барып, №12 кітапхана бөлімшесіндегі қандас балаларға сандық үлгідегі заманауи технология түрлерінің қалай үйретіліп жатқандығы таныстырылды. Одан соң қонақтар №2 кітапхана бөлімшесінде балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәлім-тәрбие беретін "Борис Щербаковтың жасыл үйі" орталығына барды. Онда белгілі орнитолог Борис Щербаковтың өзі келушілерге Шығыстың Қызыл кітабы мен "Жас эколог" зертханасын көрсетті. Сапар соңында Орталық балалар кітапханасына барып, балалар мен жасөспірімдердің заманауи технологиялық сауаттылығын арттыру және еліміздің ғарыш саласын дамытуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған "Ғарышқа жол – кітапханадан басталады!" атты жоба таныстырылды.

imgonline-com-ua-Resize-wKeGjU9mX8Wb0mI.jpg

Жан-жақтан жиналған кітапхана мамандары конференция соңында өздерінің ұсыныс-тілектер білдірді. Енді оның барлығы ҚР Мәдениет министріне Үндеу ретінде жолданады. Үндеуде ҚР кітапханаларын автоматтандыру және цифрландыру бойынша Жол картасын әзірлеу, типтік штатқа күрделі түзетулер енгізу, кітапханашылардың қызметін заманауи талаптарға сәйкес өзгерту, жоба жазу мәселелері бойынша тегін біліктілік көтеру курстарын ұйымдастыру сынды мәселелер көтерілмек.

Следующая →