Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жылына 20 шақты адамға жүрек қағысын реттеу үшін құрылғы қойылады

Шығысқазақстандық кардиохирургтер жүрегінің соғысы бұзылған науқастарға кардиовертер-дефибриллятор имплантациясын орнату технологиясын жетік меңгерген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жылына 20 шақты адамға жүрек қағысын реттеу үшін құрылғы қойылады
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Аритмия, яғни жүрек ырғағының бұзылуы көп жағдайда қауіпті болмағанымен, кейде мезгілсіз өлімге әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аритмия кезінде науқасқа кардиовертер-дефибриллятор құрылғысы ғана көмектесе алады. Кардиовертер-дефибриллятор - бұл адамның жүрек қызметін бақылау үшін оның денесіне имплантацияланатын кішкентай ғана, үздіксіз жұмыс істейтін күрделі компьютер деуге болады. Құрылғы жүрек қағысының бұзылуын анықтап, оны қалпына келтіреді.

Облыстық аурухананың эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі, аритмолог дәрігер Роман Давыдовтың айтуынша, бүгінгі таңда аурухана дәрігерлері бұл құрылғыны орнату технологиясын жетік меңгерген, техникамен жақсы таныс. Өңірде жылына 17-ге дейін имплантация жасалады. Құрылғының көлемі пейджерден үлкен емес, операция кезінде кеуде қуысының жоғарғы бөлігіндегі тері астына енгізіледі. Ал электродтар, олардың саны кардиостимулятордың түріне байланысты, тамыр арқылы енгізіліп, рентгенографияның бақылауымен жүректің ішіне орнатылады.

Өткен аптада екі ер адамға кардиовертер-дефибриллятор орнатылды. Біреуі үш камералы, екіншісі екі камералы. Науқастың бірінде жүректің ишемиялық ауруы және екіншісінде өмірге қауіп төндіретін аритмия анықталған болатын. Операциядан кейін пациенттер біртіндеп оңала бастайды. Олар қалпына келген сайын, әдеттегі өмір салтына оралады, бұрынғысынша белсенді қозғалып, жұмыс та істей алады. Бұл ота аз инвазивті, жергілікті анестезиямен жасалады. Әдетте науқас бірнеше күннен кейін үйге шығарылады, - деп түсіндірді Роман Давыдов.

Егер пациент кардиологқа үнемі қаралып тұрса, тағайындалған дәрі-дәрмектерді қабылдаса, дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындаса, оның өмір сүру сапасы әлдеқайда жақсарады және жүректің тоқтап қалу қаупі әлдеқайда төмендейді. Құрылғының қызмет ету мерзімі 5 жылдан 15 жылға дейін. Осыдан кейін оны жаңасына ауыстыруға болады.

ШҚО бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев бивентрикулярлық дефибрилляторды имплантациялау операциясы жоғары технологиялық көмекке жататынын айтты. Осындай бір отаның жалпы құны 8 млн теңгеден асады. Имплантация медициналық сақтандыруы бар тұрғындарға МӘМС қаражаты есебінен жүргізіледі, яғни толығымен тегін.

Өткен жылы 78 пациентке осы жоғары технологиялық медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілді. Имплантацияланатын құрылғы пациентке әдеттегі өмір салтын ұстануға және сүйікті еңбегімен айналысуға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Икрамұлы.

Следующая →