Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +33°
$
479.44
+0.41
523.69
+0.30
¥
66.91
+0.18
5.22
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстан облысында 4 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді

Өңірде 96 мыңнан астам бала мектеп қабырғасында білім алып жатса, соның 3810-ы түлектер

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облысында 4 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО Білім басқармасы басшылығы биылғы оқу жылын қорытындылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыста 8800-ге жуық 9-сынып түлектері болса, оның 789-ы ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер. Ал 11-сыныпты 3810 түлек аяқтамақ. Оның ішінде 281 оқушы "Алтын белгіге", 378 "Үздік аттестатқа" үміткер, - деді ШҚО Білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева.

Мектептердегі 9 және 11-сыныптарға арналған мемлекеттік емтихандар 2-19 маусым аралығында Білім Министрлігінің №125 бұйрығына сәйкес дәстүрлі форматта өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсырмалары әзірленуде. "Алтын белгіге" үміткерлер құжаттарының талаптарға сәйкестігі арнайы комиссиямен тексерілді. Денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша емтихандардан босатылған оқушылардың тізімі де дайындалуда.

Білім басқармасы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау және іске асыру бойынша арнайы жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы оқу жылында оқушылар 51 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 гран-при, 13 алтын, 36 күміс және 31 қола. Облыс құрамасы 2-7-ші сынып оқушыларына арналған "Зерде" республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында I жалпыкомандалық орынға ие болды. "Үздік олимпиадалық команда" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс "Үздік олимпиадалық команда" номинациясы бойынша жалпы командалық екінші орынға ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 41 колледж жұмыс істейді, онда 17727 студент оқиды. Ағымдағы жылы 101 мамандық бойынша 4455 адам түлек атанбақ,- деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Сонымен қатар, өңірде мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 203 балабақша мен 190 шағын орталық жұмыс істеуде. Жазғы кезеңде кезекші топтардың жұмысы ұйымдастырылатын болады. Оның ішінде маусым айында 169 балабақшада 17829 балаға 677 топ, шілдеде 122 балабақшада 12944 балаға 477 топ, тамызда 114 балабақшада 12321 балаға 466 топ жұмыс істемек.

Жазғы демалыспен және сауықтырумен 92 434, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100% қамту жоспарлануда. Облыста ағымдағы жылы 418 лагерь жұмыс істемек. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне қабылдау 2023 жылдың 24 сәуірінен басталды, - деп атап өтті Динара Шаухина.

Биыл облыстағы 3 мектепті күрделі жөндеу және 23 ұйымды ағымдағы жөндеу жоспарланған. Осы мақсаттарға 1,1 млрд теңге қарастырылған. Конкурстық рәсімдер аяқталды. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін демалыс уақытында жүргізіледі.

Осы орайда айта кетейік, өңірде 1 сәуірден балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін тіркеу басталып, 1 тамызға дейін жалғаспақ.

Следующая →