Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да үш күн бойы жауын жауады

Қатты жауын-шашынға байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да үш күн бойы жауын жауады
Фото:
редакция мұрағатынан

"Қазгидромет" ШҚО филиалы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

14-16 мамыр аралығында өңірде жауын-шашын болады деп күтілуде. Жауын-шашын болжамына байланысты Шығыс Қазақстан облысы өзендерінің бассейндерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

Су мөлшері қауіпті деңгейден асқан кезде өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңызы бар жолдарды, сондай-ақ өзеннің жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді су басу қаупі сақталады, - деп ескертеді ШҚО ТЖД.

Осы орайда сақтық шараларын еске салады:

- арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау, өйткені бұл судың кептелуіне әкеледі;
- үй аумағын (қап, топырақ, құм, саз) үймелеу үшін қолда бар материалды дайындау.

Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласыңыз.

Следующая →