Өскеменде көлігін аулаға дұрыс қоймаған екі адам айыппұл арқалады
Өскемен Полиция басқармасы мен ШҚО ТЖБ мамандары бірлесіп тұрғын үй аулаларын тексерді
Өйткені аулаларда дұрыс қаңтарылмаған көлік төтенше қызметтердің тұрғын үйлер мен ғимараттарға кіруіне жиі кедергі келтіреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ал жүргізушілердің осындай немқұрайлығы біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті тәртіп сақшылары үнемі осындай рейдтер ұйымдастырып, жүргізушілерге ескерту жасайды.
Профилактикалық рейд нәтижесінде екі жүргізуші аулаларда көлікті дұрыс қоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Өскемен қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясының бастығы Сергей Коваленко.
ШҚО ТЖД автокөлік жүргізушілеріне ережелерді қатаң сақтауды ескертеді:
- тұрақ үшін орынды таңдағанда арнайы техниканың кіріп-шығуына бос орын қалдыруды ұмытпаңыз;- дабыл қаққан төтенше қызмет көліктері кедергісіз өтуі үшін жүргізушілер жол беруге міндетті.