Өскеменде Катонқарағай ауданының жәрмеңкесі өтеді
Сенбі күні облыс орталығына катонқарағайлық шаруа қожалықтарының жәрмеңкесі келеді
Ағымдағы жылдың 25 ақпаны, яғни сенбі күні облыс орталығына Катонқарағай ауданынан жәрмеңке келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жәрмеңке "Fresh Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында өтеді.
Қала тұрғындарының сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін болады.