Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жүзге жуық әскери 5 шақырымға жүгіріп жарысты

Өскеменде Отан қорғаушылар күні және Ұлты Жеңістің 78 жылдығына орай үш әскери бөлімнің қызметкерлері 5 шақырымдық жеңіл атлетикалық кросстан өзара сайысқа түсті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жүзге жуық әскери 5 шақырымға жүгіріп жарысты
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Жарысқа №№6699, 3477 және 5518 әскери бөлімдерінің офицерлері мен сержанттар құрамы және жедел шақырылымдағы сарбаздар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Жеңілатлетикалық кросстың нәтижесі бойынша офицерлер арасында жүлделі 1-орынды №6699 әскери бөлімінің 3-взвод командирі Шыңғысхан Шалқаров жеңіп алды. Ал 2-орынды сол әскери бөлімнің 2-взвод командирі Өміржан Тоқтарбаевқа бұйырса, үшінші болып мәре сызығын №5518 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Серік Құдайбергенов кесті.

Ал сержанттар арасында алғашқы болып мәре сызығынан 3477 әскери бөлімінің бақылаушы маманы Ербол Сенбай өтсе, екінші болып 6699 әскери бөлімінің сержанты Мейір Макенов келді. Ал үшінші орынды 3477 әскери бөлімінің техник маманы Курванжан Гулмандулов жеңіп алды.

Жедел шақырылымдағы сарбаздар арасындағы бәйгеде барлық жүлделі орындарды №5518 әскери бөлімінің сарбаздары иеленді. Бірінші болып мәреге келген қатардағы Айтекеби Халиков, ал екінші орынды қатардағы Ерғанат Тлебалды жеңіп алса, үшінші орынды қатардағы Жандарбек Балтабаев жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды.


Следующая →