ШҚО-да Ұлттық ұлан оркестрі ҰОС ардагерін құттықтады
Өскеменде тұратын Анастасия Светочёваны Жеңіс күнімен құттықтауға 3477 әскери бөлімінің командирі және 5518 әскери бөлімінің сарбаздары арнайы оркестрмен келді
қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Ғасыр жасаған ардагердің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, Жеңіс күнін еске алды.
Сол кездегі әндер ешқашан өзгермейді. Біз «Катюша», «Үш танкист» әндерін шырқайтынбыз. Бәрі есімде. Ең бастысы, аспанымыз ашық болып, бейбітшілік үстем болсын.тАл жастарға денсаулық, бақыт тілеймін! -тдейді ардагер кейуана.
«Отан соғысы» орденінің бірінші дәрежелі кавалері Анастасия Светочева соғыста әскери байланысшы болған. 100-ден асса да, әлі тың. Соғыстағы жерлестерінің ерлігі мен бейбіт өмірдегі тірлігін естен шығармаған. Тіпті, алғашқы әскери билетін көзінің қарашығындай сақтап келеді. Соғыс жылдарындағы негізгі ұрыстардың уақыты мен өткен жері де осы күнге дейін әлі есін де.
Ардагерлеріміздің арқасында аспанымыз ашық, күніміз бейбіт. Олардың ерлігі – біз үшін үлгі, өмірлері – өнеге, - дейді 3477 әскери бөлімінің офицері капитан Дархан Мұхтариев.