Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімнің құрылғанына 30 жыл

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімге 2019 жылы Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің есімі берілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімнің құрылғанына 30 жыл
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Ал биыл даңқты батырдың туғанына 105 жыл толып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әскери бөлім жауынгерлік тапсырмалары, Отанымыздың шығыстағы шебін қорғауда қырағылық танытып келеді. Тіпті, құрылғаннан бастап, даңқты дәстүрлерді сақтап, жоғары кәсіби деңгейлерін көтеріп, жауынгерлік міндеттерін орындауда ерекше тәртіп пен ерлік көрсетуде. 27943 әскери бөлімінің жауынгерлері қысқа мерзім ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қарулы күштердегі көптеген ірі оқу-жаттығу жиындарына қатысып, өздерінің жоғары кәсіби даярлықтарын көрсетіп, оқу-әскери міндеттерін абыроймен орындауда.

Әскердің жауынгерлік қабілетін ұдайы арттырып отырамыз. Сарбаздар дербес және бірлескен іс-қимылдар кезінде қару-жарақ пен әскери техниканы сенімді қолдануға дайындықтар жүргізіп, жетістікке жетуде. 30 жылда әскери бөлімнің қабырғасында талай сарбаздар бой түзеп, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін, жауапкершіліктерін арттырып шықты. Мұның барлығы бірінші кезекте әскери қызметшілердің кәсіби білімі мен біліктіліктерінің арқасында, – деді әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, мерейтойға орай Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде митинг ұйымдастырылды. Митингкке әскери бөлімді әр жылдары басқарған командирлер, Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері, әскери бөлімде адал қызмет еткен зейнеткерлер қатысты.

Бұдан бөлек жауынгерлер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, қоғамдық жиындарға қатысуда белсенділік танытқан қызметкерлер марапатталды.

Митингтен соң мерекелік шара Қасым Қайсеновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Бұдан соң "Ертіс концерт" залында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Следующая →