ясно
°
$
503.17
-0.73
600.89
-2.43
¥
72.45
-0.09
6.63
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 74 жас

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 74,44 жасқа жеткенін мәлімдеді

Новости Казахстана / Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 74 жас

Бұл 2022 жылдың қорытындысы бойынша, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 32,7%-ға, қатерлі ісіктен 7,9%-ға, жарақаттан 5,3-ға төмендеді. Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеп, 100 мың тірі туылғандарға 17,0 құрады, сәбилер өлімі 4,6%-ға төмендеп, 1000 тірі туылғандарға 7,97 құрады, - делінген ақпаратта.

Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының өсуіне әсер етті және бұл тарихи маңызды көрсеткіш. Айта кетейік, 2019 жылы ол 73,18 жасты құрады.

Следующая →