Өскеменге тағы 10 қоғамдық көлік келді
Өскемендегі 67 және 351, сонымен қатар 53 бағытқа жаңа автобустар қосылады
Автобустарды жаңартқанмен, қалада автобус жүргізушілері жетіспейді.
“VOSKA” ЖШС директоры Қанат Халеловтың айтуынша, жаңа қоғамдық көліктер алдағы аптада жұмысқа кіріседі.
Су жаңа автобустар номері 67 және 351, сонымен қатар 53 маршруттік бағыттарды толықтырмақ.
Автобусқа жүргізушілер жетпей жатыр, жалақысы - 15 күнге 300 мың теңге, - дейді компания директоры.