Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Серебрянск қаласының әскери бөлімінде сарбаздарға қаншалықты жағдай жасалған?

Сарбаздардың аналарынан құралған комитет өкілі Наталья Косолапова сарбаздардың қандай жағдайда әскери борышын өтеп жатқанын көзбен көріп, тексерді

Усть-Каменогорск и ВКО / Серебрянск қаласының әскери бөлімінде сарбаздарға қаншалықты жағдай жасалған?
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Ол Серебрянск қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне қарасты 97638 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Ата-аналар комитетінің өкілі әскери бөлімдегі мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыс жағдайынмен, сондай-ақ олардың бос уақытында немен айналысатынымен танысты. Әрине, сарбаздардың күн тәртібін әдеттегі үйдегі өмірмен салыстыруға болмайды.

"Сарбаз қызметі аналар көзімен" акциясы аясында тағы бір әскери бөлімге келдік. Әрине ата-аналар балаларының Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жерде бар жағдайы жасалғандығы алаңдатаныны рас. Сондықтан біз бүгін әскери бөлімдегі казармаларды, асхананы, монша, кір жуу орындарын араладық. Бірінші кезекте сарбаздармен сөйлестік. Олардың тыныс-тіршілігімен жіті таныстық. Офицерлерменде тілдестік. Сарбаздар үшін мұнда бар жағдай жасалғанына көзіміз жетті, – деді ата-аналар комитетінің өкілі Наталья Косолапова.

Сонымен қатар, комитет өкілі ата-аналар мен сарбаздар арасындағы байланысты тұрақты жүргізу аса маңызды екенін атап өтті. Одан бөлек әскери ортадағы туындаған мәселелерді уақтылы шешу бойынша шаралар жедел қабылданатынын айтты.

97638 әскери бөлімінің басшылығы келген меймандарға ынтымақтастықты нығайту және әскери қызметке деген сенімді арттыру үшін алдағы уақытта бірлесіп қызмет атқаруға шақырды.

Следующая →