Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да енді үшкіл нерв невралгиясымен ауыратын науқастарды да емдейді

Шығысқазақстандық нейрохирургтар үшкіл нерв (тройничный нерв) невралгиясымен ауыратын науқастарды емдейтін жаңа технологияны игерді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да енді үшкіл нерв невралгиясымен ауыратын науқастарды да емдейді
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Еліміздегі білікті нейрохирургтер ШҚО-да шеберлік оқу өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Өңірге "Президент істерін басқарудың медициналық орталығы күндері" аясындағы делегациясы келді. Осы делегецияның шеберлік сағаты аясында "Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасы" АҚ нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев өз білімі және тәжірибесімен бөлісті. Облыстың жетекші нейрохирургі Дмитрий Недбайло өзінің алматылық әріптесіне көмектесті.

Марат Саршаев бірінші санатты нейрохирург дәрігер, нейроинтервент дәрігер. Ол ми тамырларына эндоскопиялық, эндоваскулярлық және микро нейрохирургиялық операциялар жасайды, ми мен жұлын ісіктерін, омыртқа патологиясын алып тастайды, жұлын мен тригеминальды ауырсынуды хирургиялық жолмен емдейді.

Шеберлік сағаты барысында соңғы он жылда осы патологиядан зардап шегіп келген 56 жастағы науқасқа сәтті операция жасалды. Ол Алтай қаласынан келді.

Науқастың беті, жағы үнемі ауырып, мазасын алған. Бұл жерде ауырсыну ми тамырларының үшкіл нервті жаншығанынан болған. Науқас ұзақ уақыт бойы ауырсынуды басатын күшті дәрілерді қабылдап жүре берген. Содан кейін ағзасы үйреніп алғанда дәрі-дәрмек ауырсынуға мүлдем әсер етпей қойған. Шеберлік сағаты барысында алматылық әріптесіміз ми тамырын үшкіл нервтен ажыратып, олардың арасына төсеу салу әдісін көрсетті, - деп бөлісті ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың инновациялық медицина бөлімінің резиденті, болашақ нейрохирург Ғұмар Каденов.

Енді осындай патологиясы бар пациенттер облыстық мамандандырылған медициналық орталығында операция жасата алады. Бұл медициналық көмек МӘМС шеңберінде қолжетімді. Орталық дәрігерлерінің айтуынша, жыл сайын осындай проблемамен инновациялық медицина бөліміне ондаған пациент жүгінеді. Көбінесе пациенттер мұндай жағдайларда медициналық көмекке қайда бару керектігін білмейді және қатты ауырсынуға шыдап жүре береді.

Мұндай операцияларды микрохирургиялық әдістемені меңгерген мамандар замануи диагностикалық және операциялық жабдықтары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда ғана жасалады. Медициналық орталықта осының барлығы бар. Бұл жерде бөлімше дәрігерлері кәсіби біліктіліктерін, дағдыларын үнемі арттырып отырады, - деп қосты Марат Саршаев.

Следующая →