Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 200-ден астам жас 2,5 пайызбен шағын несие ала алады

Бұл облыс жастарына өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік бермек

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 200-ден астам жас 2,5 пайызбен шағын несие ала алады
Фото:
depositphotos.com

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін биыл Қазақстанда жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылды.

Шығыс Қазақстан облысында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы өтінімдерді қабылдау басталды. Биыл өңірде жастар үшін 1 млрд 90 млн теңгеге 218 шағын несие қарастырылған.

Жеңілдетілген кредит беру шарттары мынадай: қарыз сомасы - 5 миллион теңгеге дейін; сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%; қарыз мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.

Өтінімдер "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ – Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51 мекенжайы бойынша қабылданады.

Жастарға микрокредит беру бағдарламасының шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz сайтында орналастырылған және толық ақпаратты 87010061651 нөміріне хабарласып алуға болады.


Следующая →