Өскемен
малооблачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +32°
$
452.92
+2.13
484.99
+2.78
¥
62.42
+0.28
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жер қойнауын пайдаланушы 14 компания лицензиясынан айырылды

Бұл компаниялар мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін орындамай, заң бұзған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жер қойнауын пайдаланушы 14 компания лицензиясынан айырылды
Фото:
depositphotos.com

Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Басқарма ақпаратына сүйенсек, өңір бойынша жер қойнауын пайдаланушы 177 компания жұмыс істейді.

Оның ішінде 21-і пайдалы қазбаларды игерумен, 66-сы барлау жұмыстарымен айналысады. Әрбір кәсіпорынмен жасасқан келісімшарттар бойынша олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымының жақсаруына жыл сайын қаржылай аударымдар жасауға міндеттемелері белгіленген. Өткен жыл бойынша 80 жер қойнауын пайдаланушы 34,5 млн теңге аударады деп күтілуде, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, өз міндеттемелерін орындамаған компанияларға тиісті шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, бүгінде 14 компания жұмыс істеуге қажетті лизензиядан айырылып отыр. Оның ішінде 4-і барлау жұмыстарымен, 10-ы пайдалы қазбаларды игерумен айналысады.


Следующая →