Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маралдыдағы алтын фабрикасы мәселесі ШҚО әкімінің бақылауында

Фабрикаға және оның жұмысына қатысты шешім еліміздің қолданыстағы заңдарына сәйкес қабылданады

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Маралдыдағы алтын фабрикасы мәселесі ШҚО әкімінің бақылауында
Фото:
depositphotos.com

ШҚО әкімі Даниал Ахметов осы мәселені қарастыруға құзырлі министрліктерге бірнеше хат жолдаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір Маралдыда күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ауыл тұрғындарының бір бөлігі құрамында алтын бар кенді өңдейтін алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық білдіруде.

Жобаның бастамашысы - "ВСАМ Продакшн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ауыл тұрғындары фабрика жұмысы, соның ішінде жарылыс жұмыстары, мал жайылатын жерлерге зиян келтіріп, аймақтың экологиясына кері әсерін тигізеді деп алаңдауда.

Фабрикаға және оның жұмысына қатысты кез келген шешім, қатаң түрде, еліміздің қолданыстағы заңдарына сәйкес қабылданады деп сеніммен айтамын, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне бірнеше рет хат жолдадым. Онда жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты бақылау жүргізу, экологиялық келісімнің негізділігіне және қазіргі уақытта сот рәсімдері жүріп жатқан жер учаскелерін берудің заңдылығына тексеру жүргізу қажеттігіне ерекше назар аудардым. Бұдан басқа, Жер Кодексінің 43, 90, 97-ші және Экологиялық Кодекстің 236, 237-баптарында анықталған заңдық қайшылықтарға аса басымдық берілді.

Қазіргі уақытта ШҚО әкімінің орынбасары мен жауапты мамандар тобы аталған министрліктермен жұмыс жүргізуде.

Алтын өндіру фабрикасының қызметінде қоршаған ортаға, адам денсаулығына, қауіпсіз технологияларды пайдалану, оның ішінде натрий цианидін қолдану, оны ауыстыру мүмкіндігін қарастыру және Маралды ауылы маңындағы карьерді қолданысқа енгізу әсерін бағалау туралы тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізу үшін Л. Гумилев атындағы университет ғалымдары тартылды. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша тиісті қорытындылар ұсынылады. Осылайша, тұрғындардың барлық даулы және алаңдайтын сұрақтарына жауап алынады. Алдағы барлық іс-қимылдар тек қана заңнама аясында жүзеге асырылатын болады, - деді облыс басшысы.

Облыс әкімі бұл мәселенің тікелей бақылауында екенін айтады.


Следующая →