ШҚО кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары аймақ
Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитін жұқтыру деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен 4 есе жоғары
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде кене энцефалитіне қарсы шаралар жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан кене энцефалитін жұқтыру қаупінің "жоғары" аймағына жатады. Облыста аурушаңдық деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары. Кене маусымы сәуірде басталып, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қыркүйектің соңына дейін созылуы мүмкін. Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Алтай, Риддер қалаларының маңындағы табиғи аумақтарда кене шағу қаупі басым, - делінген ақпаратта.
Өткен жылы өңірдегі эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелген.