Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Экономика және бизнес жоғары мектебі – мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі - Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын

Новости Казахстана / Экономика және бизнес жоғары мектебі – мүмкіндіктер мекені
Фото:
depositphotos.com

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі – 1949 жылы ашылып, 1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын, іргелі білім ордасы. Білім ошағын ұзақ жылдан бері білім беру саласындағы экономикалық өзекті мәселелер мен инновациялар жөнінегі көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, э.ғ.д., профессор Лейла Абдрашқызы басқарып келеді. Қазір факультет индикативтік көрсеткіш нәтижелері бойынша университетте алдыңғы қатарлы бестіктің құрамында.

Жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен 500-дан астам бакалавр, магистр және PhD докторлары түлеп ұшады.

Университеттің дәстүрлі болмысы мен оқытудың заманауи әдістерінің үйлесім табуымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру арқылы озық білім беруге атсалысады.

Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағы. Атап өтетін болсақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары: Иқсанова Гүлнар Мұстахимқызы, Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Никитинская Екатерина Сергеевна. Министрлер: Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (2016-2019). Алматы қаласының әкімі – Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері, біздің Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің үздік түлектері, олар үздік ордадан сусындап ұшқан қырындар.

Қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы кампус, тұрақты түрде жүзеге асырылатын халықаралық жобалар мен шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігін жаратып отыр.

Бүгінде экономист болу мәртебелі әрі пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымалды мамандықтар қатарына кіреді және жақын арада өз позициясын әлсіретпейді. Бұған басты себеп – экономистердің жалақысының жоғары дәрежеде болуына байланысты болса керек.

Соңғы жылдары экономикалық білімге деген сұраныс қарқын алды. Жоғары оқу орындары өз саласының экономистерін дайындауға жаппай кірісті, бұл мектеп – еліміздегі жоғары білікті экономисттерді даярлайтын іргелі білім ордасы.

2013 жылы ҚазҰУ кітапханасы бой көтерген болатын. Онда 2 млн кітап қоры бар, бұл – білім алушыларға өзін дамытуға үлкен мүмкіндік.

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фараби былай деп жазды: «Білімді болу деген сөздің мағынасы - белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым». Осыған орай, ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары мектебі сапалы білім алуға және өз саласында кәсіпқой болуға мүмкіндік береді. Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Инновациялық жобаларға құштар, заман ағымынан қалмауға тырысатын студенттер үшін әр факультетте бизнес-инкубаторлар, университетте технопарк қызмет етеді.

Қорыта айтқанда, Эконмика және Бизнес Жоғары Мектебінің білікті түлектері ел экономикасының дамуына қомақты үлес қосатыны бұл өте қуанышты жағдай, талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп , адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік береді. Сол себепті де, студенттер өткізген өмірін ең үлкен сәттілік деп санайды.

ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі әрбір студентке сапалы білім беріп, маман ретінде даярлауға бар күш жігерін жұмсайды. Өйткені ел болашағының тұтқасы білікті мамандардың еншісінде. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.


Ж. Бейсенбаев,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Экономика кафедрасының аға оқытушысы

Бақыт Бүрлен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

экономика мамандығының 4-курс студенті




Следующая →