Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО кардиохирургтері жүрек клапанын тіліксіз ауыстыру технологиясын жетілдіруде

ШҚО-да төрт жыл ішінде 38 пациенттің жүрек клапаны ашық отасыз ауыстырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО кардиохирургтері жүрек клапанын тіліксіз ауыстыру технологиясын жетілдіруде
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Өңір дәрігерлері соңғы төрт жылда жүректің клапанын ашық отасыз, бір ғана тілік арқылы қан тамырына енгізілген протезбен алмастырып келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Мәселен, жуықта 82 жастағы облыс тұрғыны Эдуард Пекаторосқа осындай операция жасалды.

Жалпы құны 6,5 млн теңге болатын бұл жоғары технологиялық операция пациент үшін МӘМС қаражаты есебінен тегін жасалған.

Дәрігерлер Эдуард Анатольевичке аорта стенозы диагнозын қояды. Пациенттің бұрын инфаркт алғанын, жүрек қағысында өзгерістер барын және жасы да келіп қалғанын ескерген мамандар оның жүрегіне ашық ота жасауға келмейді деп шешеді. Облыстық аурухананың құрамында эндоваскулярлық хирург, кардиохирург, анестезиолог бар көпсалалы команда қарияның кеудесін тілмей және қан айналымын тоқтатпай-ақ жасанды клапан орнатты.

Операцияның бұл түрі аорта клапанын транскатетерлік имплантациялау (TAVI) деп аталады. Пациенттің санынан жасалған кішкене тілік арқылы катетер (ұзын түтік) артерияға енгізіледі, ол арқылы жасанды клапан діттеген жеріне - науқастың жұмыс істемейтін аорта клапанының ішіне жеткізіледі. Осы жерге орнатылған протез ашылады да толық жұмыс істей бастайды. Операция ешқандай кедергісіз, сәтті өтті және науқас екі-үш күннен кейін қалпына келеді. Біздің кардиохирургиялық бөлімшеде пациенттер мен мамандар үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған және осындай операцияларды біз төртінші жыл бойы жүргізіп келеміз, - деді облыстық аурухананың эндоваскулярлық хирургі Қуатжан Әбішов.

Облыстық аурухананың дәрігерлері 2020 жылдан бастап бөлімшеде 38 TAVI отасы жасалғанын атап өтті. Яғни, біздің дәрігерлер 38 адамның өмірін құтқарып қалған. Өйткені бұл әдіс – жүрегіне ашық операция жасауға келмейтін ауыр науқастарды құтқарудың жалғыз мүмкіндігі. Ота жасалған науқастардың жасы 70 пен 86 аралығында.

Мен осы аурухананың барлық дәрігерлеріне, медбикелер мен кіші медициналық қызметкерлеріне алтын қолдары үшін, шеберлігі мен қамқорлығы, күтімі мен маған деген ыстық пейілдері үшін қаншалықты риза екенімді сөзбен жеткізе алмаймын, - деді Эдуард Анатольевич.

Следующая →