Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл ауруханаларды жаңғыртуға бөлінетін сома 4 млрд теңге ұлғаяды

Биыл ШҚО-дағы денсаулық сақтау саласына бюджеттен бөлінетін қаржы мөлшері ұлғайтылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл ауруханаларды жаңғыртуға бөлінетін сома 4 млрд теңге ұлғаяды
Фото:
редакция мұрағатынан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде өткен мәслихат отырысында депутаттар өңірдің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізуге дауыс берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылау үшін ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер көлемінің өзгеруі, бос қалдықтарды бөлу және облыстық бюджеттегі қаражатты басым бағыттарға қайта бөлу негіз болды.

Атап айтқанда, ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ұсынған деректерге сәйкес денсаулық сақтау саласына түсімдер ұлғайтылды.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2 млрд 992,8 млн теңге сомасына ұлғайту көзделген. Бұл Ұлан және Күршім аудандарында 5, Глубокое ауданында 2, Шемонаиха ауданында 1 және Тарбағатай ауданында 6 медициналық пункттен тұрады. Сондай-ақ, сол жоба шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 1 млрд 270,3 млн теңгеге, - деді Фархад Белбеев.

Сонымен қатар, 4 млрд 679 млн теңгеден астам сомаға көлік инфрақұрылымын дамытуға трансферттер ұлғайтылды. Бұған Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салу және Жібек жолы көшесінен "Өскемен-Алматы"бағытындағы автомобиль жолын қайта жаңарту сияқты жобалар кірді.

Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді (847,8 млн теңге), сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін (457,6 млн теңге) ұлғайтуға қосымша қаражат бөлінетін болады.

Жалпы, бюджетті нақтылау шеңберінде жалпы сомасы 39 млрд теңгеден астам ұлғайту көзделген.

Следующая →