Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні

Бүгін, яғни, сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түн - мың айдан да қадірлі Қадір түні

Новости Казахстана / Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні
Фото:
редакция мұрағатынан

Егер айлардың сұлтаны - Рамазан болса, түндердің сұлтаны - Қадір түні, ал күндердің сұлтаны - жұма. Бұл үш сұлтандық та бір күнге, бір түнге тоғысатын күн болады екен.

Ол - Рамазан айының соңғы он күнінің біріне жасырылған Қадір түні. Мұсылман жамағаттың осы түні жасаған амалдары мыңдаған айлар бойы жасаған амалынан сауапты.

Бұл түні мұсылман баласы барынша көп құлшылық жасап, Алла Тағалаға мінәжат етуі керек. Құран Кәрімді оқып, Жаратушы иеден жасаған қателік-күнәлары үшін кешірім сұрайды. Ал Қадір түнін дәл осындай ізгі амалдармен өткізген адам Алла Тағала алдында құрметті әрі ардақты болады. Бұл түні аспаннан жерге түсетін періштелердің көптігі соншалық, оларға жердің өзі таршылық етеді. Демек, бұл Қадір түніндегі періштелердің көптігін көрсетеді. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады", деп хабар береді. Бұл түні тағдыр бекітіледі. Алла Тағала осы түні пенделерінің бір жылдық тағдырын бекітеді. Сондай-ақ, бір жыл ішіндегі табиғат құбылыстарын, жақсылық пен жамандықты, өмірге келетін һәм өмірден өтетін адамдардың мезгілін бекітеді. Қадір түнінде тағдыр тақтасына құлшылықтағы құлдардың тілектері тоқылып, алдағы бір жылға қатысты үкімдер бекітіледі.

Бұл түні күнәлар кешіріледі. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Кім де кім осы түнде Аллаға иман келтіріп, сауабынан үміттеніп, құлшылық ететін болса, Алла Тағала оның бұрынғы істеген барлық кінәларын, кемшіліктерін, қателіктерін кешіреді", - деген.

Алла Тағала дәл нақты қай күні болатынын жасырып қойған Қадір түнінің өзіндік белгілері бар. Бірінші белгісі - ауа райының бірқалыптылығы. Жел баяу соғады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады" деген. Екінші белгісі - сол түнді құлшылықпен өткізген адамның жүрегінде тыныштық орнайды. Жаны рахат бір сезімді бастан кешеді. Себебі періштелер жерге түсу арқылы пенделерге мейірбандықты әкелген еді. Убада ибн Самиттен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнінің белгілері туралы: "Қадір түнінің белгісі, оның - тұнық әрі жарық, ал айдың ол түнде бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Ол түн тыныш және жайлы, суық та емес, ыстық та емес. Бұл түні таң атпайынша, жұлдыздардың лақтырылуына рұқсат берілмейді. Тағы бір белгісі - таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді", - деп сипаттағаны риуаят етілген.

Рамазан аяқталғаннан кейін ұлық мереке - үш күндік Айт басталады. ШҚО өкілдігіне қарасты мешіттерді 21 сәуір күні сағат 07.00-де айт намазы оқылады. Таңғы айт намазынан кейін ауызы берік мұсылмандар ауыздарын ашып, айтшылай бастамақ. Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Мереке болғандықтан, оны да сауапты істерге арнап, туған-туыстар мен ағайын-таныстарды мейрамымен құттықтап, қолдан келсе, сыйлық жасап, қуантқанымыз жөн.


Следующая →