Өскеменде "Жас ұлан-2023" әскери-патриоттық ойыны өтті
Өскемен гарнизонында әскери-патриоттық спорт клубы курсанттары арасында облыстық "Жас ұлан-2023" спорттық сайысы өтті
Аймақтың әр өңірінен 70-тен астам жасөспірім жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (пневматикалық пистолеттен оқ ату), АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық жарыстар, тартылу мен қолдың бұлшық еттерін қатайту бойынша сайысқа түсті.
Бүгінгі патриоттық шара еліміздің әскери қызметінің лайықты ізбасарлары өсіп келе жатқанын жақсы көрсетті. Қатысушылар жан-жақты дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзінің әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі. Ал өзге кәсіпті таңдайтындар достық және командалық жұмыс сабағын алады, – деді ШҚО ҚІЖ Департаментінің әскери патриоттық жұмыс және Қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс жасау қызметінің бастығы капитан Бауыржан Калиев.
"Жас ұлан" әскери-патриоттық ойындар нәтижесінде оқ бойы озық шыққан балалар жүлделі орындарды иеленді.
Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі - отансүйгіштік. Бүгінгі шара жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған. Әскери клуб мүшелері арасындағы сайыс жоғары деңгейде өтті. Кіл мықтылар жиналған, - деді 9-сынып оқушысы Аружан Матоктанова.
Сайыс қорытындысы бойынша 3-орынды №49 мектеп командасы иеленсе, Тарбағатай ауданынан келген жасөспірімдер 2-орынды қанжығаларына байлады. Ал өзгелерден оқ бойы озып, қарсылас танымаған Алтай ауданынан келген №8 мектеп окушылары 1-орын алды.