Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі түзету мекемесіндегілер сырттан тыйым салынған зат кіргізбек болған

Тәртіп бұзған түзету мекемесіндегі сотталушылар сақшыларға қарсылық танытқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі түзету мекемесіндегілер сырттан тыйым салынған зат кіргізбек болған
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Әскери бөлім сақшысы екі рет ескерту оғын атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Өскеменде сәуірдің 14-іне қараған түні сағат 00.21 шамасында №16 түзеу мекемесінің бекеттерінің біріне белгісіз біреу тыйым салынған заттарды лақтырып жіберген. Оралған зат бақылаушының күзетіндегі тыйым салынған аймағына түскен. Сол сәтте тыйым салынған аймаққа үш сотталушы жүгіріп келіп, түскен затты алып кетпек болады. Алайда 6699 әскери бөлімінің екі бақылаушысы жедел жетіп, олардың жолын кеспек болған. Бірақ сотталғандар бақылаушыларға қарсылық көрсете бастаған. Жағдай ушығып бара жатқанын жоғарыда байқап тұрған сақшы дереу ескерту жасап, ауаға ескерту оғын атады, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Осы кезде бақылаушылардың бірі оралған затты негізгі қоршау аймағына қарай лақтырып жіберген, сотталушылардың бірі оны алып қашу үшін сол негізгі қоршау аймағына қарай ұмтылады. Мұны сырттан бақылап тұрған сақшы тағы да ескерту жаса, тағы да жоғарыға ескерту оғын атады. Қару дыбысынан қорыққан сотталушы дереу артқа шегініп, ішкі тұрғын аумақка жүгірген екі бірдей сотталушы дереу ұсталған.

Следующая →