Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мұз бөлініп, екі балықшы Зайсан көлінің ортасында қалған

Балыққа шыққан екеуді бөлініп кеткен мұз жағадан 500-800 метр қашықтатып жіберген

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Мұз бөлініп, екі балықшы Зайсан көлінің ортасында қалған
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Олардың көмекке шақырған даусын естіген жергілікті тұрғындар құтқарушыларды шақыртқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зайсан көлінде құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар балықшыларға көмекке келді

13 сәуірде Зайсан көлінде, Тұғыл ауылынан 3-5 шақырым жерде екі балықшы жұқа мұз бетіне шығып, кешқұрым уақытта қайтып келе жатқан кезде мұз бөлініп кеткен. Олар тас қараңғыда 500-800 метр жағадан жырақта қалып қойған. Балықшылардың көмек сұрап айқайлаған даусын жергілікті тұрғындар естіген. Бірақ қараңғы болғандықтан олардың нақты орналасқан жерін таба алмаған. Мұзда қайықпен жүру мүмкін емес еді, ал жаяу жүру қауіпті болды, аяқ астындағы мұз жарылып жағдайды ушықтыра түсті. Тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақыртқан, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінде.

Оқиға орнына Күршім бөлімшесінің құтқарушылары жеткен. Мұз бетіндегі көзге түрткісіз қараңғылық пен борпылдақ болуы жағдайды қиындата түскен. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың бірлескен әрекеті бірнеше сағаттан кейін балықшылар құтқарылды. Оларды дәрігерлер тексерді, медициналық көмек қажет болмады.

Балықшылардың айтуынша, олар таңертең ерте мұз бетіне шығып кеткен, ал кешке жағаға оралғанда мұз жағадан бөлініп кеткен. Негізсіз тәуекел соңы төтенше жағдайға акеп соқты.


Следующая →