Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты

Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімі мерзімді әскери қызметі аяқталған сарбаздарды шығарып салды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Әскери бөлімде өздерінің Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеген сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын әскер қатарына шақыртылған жас сарбаздардың өз өңірлеріне, өз үйлеріне қайтатын сәттері келді. Әскери борышын өтеген сарбаздар бір жыл бойы Отан қорғау ісінің қыр-сырына қанықты, құрыштай шынықты.

Бір жыл бойы әскери қызметтің қыр-сырын меңгердік. Жауынгерлік даярлықта еліміздің қалқаны болуды үйрендік. Әскери тәртіпке бағынып, бірлесе әрекет етуге дағдыландық. Осы бір жылдың ішінде бізге бағыт-бағдар беріп, әскери тәртіпті, жауынгерлік даярлықты үйреткен офицерлер мен сержанттарға алғысым шекіз. Отан алдындағы борышымды абыроймен атқара алдым деген ойдамын, - деді қатардағы жауынгер Қожанбердиев Нурбол.

Запасқа шығарылған сарбаздарға құрмет көрсетіліп, әскери бөлімнің саптық алаңында шара ұйымдастырылды. Жауынгерлік даярлық барысында жоғары нәтиже көрсеткен ең үздік сарбаздар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, сарбаздар саптық адыммен ортаға шығып, бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасты. Оларға әскери іс-шаралар мен оқу-жаттығулардан естелік ретінде фотоальбомдар таратылды. Бірқатар үздік сарбаздарға арнайы дайындалған ту астындағы фотосуреттер салтанатты түрде табыс етілді.


Следующая →