Құрылысқа шетелдіктерді жалдаған ҚР азаматына 100 АЕК айыппұл салынды
Павлодар облысында салынып жатқан нысандардың біріне 21 шетел азаматы заңсыз тартылған
Оны рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
21 жастан 57 жасқа дейінгі Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстандағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген. Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында тек ауызша келесім болған.
Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - делінген хабарламада. - ЖШС-ның басшысы болып табылатын ҚР азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 100 АЕК айыппұл салынды.