Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі жасөспірім қыздардың жанжалына жігіт себеп болған

Қоғамда қызу талқыға түскен бұл оқиға бойынша іс ШҚО ПД-ның ғана емес, ҚР ІІМ-нің ерекше назарында

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі жасөспірім қыздардың жанжалына жігіт себеп болған
Фото:
depositphotos.com

Бүгін құзырлы орган өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз осы оқиғаға қатысты баспасөз брифингін берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желіде Өскемендегі "АДК" сауда үйінің дәретханасында бірнеше қыздың бір қызды соққыға жыққаны бейнеленген видео тараған болатын. Оқиға наурыз айында орын алған. Оқушыны соққыға жыққан студенттер болып шықты. Артынша бұл бірінші рет емес, мектепте оқитын жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет дәл осы қыздардан зәбір көргені белгілі болды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тергеу іс-шараларын жүргізуде. Бұл іс прокуратураның, сондай-ақ ҚР ІІМ-нің бақылауында.

ШҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Шамиль Джинлосанов тергеу барысы ерекше бақылауда екенін жеткізді. Ол барлық жағдайлар мен деректер тексерілетінін хабарлады.

Брифинг барысында бұл оқиғаға 7 адам қатысқаны белгілі болды.

Оқиғаға қатысы бар әрбір кәмелетке толмаған баланың мәртебесі олардың әрекеттері бойынша айқындалады, болашақта кінәлілерге қатысты процестік шешімдер қабылданатын болады, - деді Шамиль Джинлосанов.

ШҚО ПД ювеналды полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әйгерім Бейсембаева әзірге қатысушылардың ешқайсысы есепке қойылмағанын айтты.

Өз кезегінде ШҚО Білім басқармасының басшысы қазір ұқықтық тәрбие жұмысы күшейтіліп, білім ордалары ерекше бақылауға алынғанын айтады. Оқушылары төбелеске қатысқан мектептер мен колледждердің директорларымен жедел кеңес өткізілді. Білім беру ұйымдарының басшыларымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қалыптасқан жағдайда әрекет ету тетігі әзірленді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәрістер және т. б. өткізілді.

Бірақ мен баланы тәрбиелеу ең алдымен ата-ананың мойнында екенін тағы бір рет атап өткім келеді. Мектеп, оқу орны тәрбиеге ықпал етеді және азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Бұл жерде жауапкершілікті бір-біріне жүктемеу маңызды. Біз бәріміз балаларымыз үшін жауаптымыз, барлығымыз бірлесе жұмыс істеуіміз керек, - деп түсіндірді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Басқарма басшысы қыздардың арасында алауыздық тудырған – бір жігітке деген сезім екенін жасырмады.

Білім басқармасы әлеуметтік желілерде резонанстық жарияланымдар мен бейнелерді одан әрі таратудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Білім беру мекемелерінің барлық қызметкерлері мен оқушыларына зорлық-зомбылық фактілерін қамтитын сюжеттерді, жалған ақпаратты таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті.

Осы орайда "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігінің көмегімен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету үшін тәулік бойы жедел желі іске қосылғанын айта кеткен жөн (8-707-662-95-13).





Следующая →